Экология департаменті өкілі Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді

07 мамыр 2022, 19:01

Аймақтың Экология департаменті өкілі Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz. 

ЖЭО-1 су тарту каналы ЖЭО-1 технологиялық қажеттілігіне байланысты теңіз суын жіберуге және бастапқы су ретінде "Каспий тұщыландыру зауыты" ЖШС-не ауыз су дайындауға арналғаны айтылды.

Портал мәліметінше, бүгінде Каспий теңізінің күрт таяздануынан су алу каналындағы су деңгейі төмендеген, кей жерлерде аралдар пайда болған.

Арнадағы теңіз суының деңгейін ұстап тұру және ЖЭО-1 мен "Каспий тұщыландыру зауыты" ЖШС технологиялық процесінің тоқтауын болдырмау үшін "МАЭК-Казатопром" ЖШС ЖЭО-1 су тарту арнасының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізеді.

Бұл жұмыстар жер снаряды арқылы механикалық жолмен жүргізіледі, ал каналдан айдалатын су - басқа қоспаларсыз кәдімгі теңіз суы.

"МАЭК-Казатопром" ЖШС ақпараты бойынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді.

Сондай-ақ, Экология департаменті өкілі ведомство мамандары оқиға орнына кеткенін айтты.

kaz.tengrinews.kz