Елдің бірнеше өңірінде жел, шаңды дауыл және өртке байланысты ескерту жасалды

27 мамыр 2023, 11:03

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады.


Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.


Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус аптап ыстық. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 


Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші - 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.


 
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар. 


Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.


Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.


Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.