Елдің солтүстігінде қыс басталмай жатып қар түсті

27 қыркүйек 2022, 14:15

Қыкүйек айының соңғы аптасында Солтүстік Қазақстан облысына қар түсті, деп хабарлайды  Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Қуарып үлгермеген ағаш-тал мен гүлзар-бақтар ақ қар жамылды. Мезгілінен ертерек белгі берген табиғат құбылысын облыс тұрғындары әлеуметтік желілерде жарыса жариялап жатыр. Бірақ түнде жауған қар күн шығысымен ери бастаған.

 

Instagram-ға суреттер мен видеолар жүктеген жұрт: "Әлі жазғы кебіспен, көйлекшең жүр едік қой", "Мәссаған, биыл ерте жауды ғой" деп таңданыс білдірді.

 

Ал "Қазгидромет" мамандары 27 қыркүйекте түнгілік елдің солтүстігінде сынап бағанасы 1-6 градусқа төмендеп, күндіз қайтадан 2-4 градусқа көтерілгенін хабарлады. Оңтүстік өңірлердегі ауа температурасы 15-23 градус жылы.