Елге заңсыз кірген шетелдік ұсталды

15 сәуір 2022, 23:10

Түркістан облысының полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетелдікті ұстады, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
 
 
Жетісай  АПБ-ның полиция қызметкерлері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. 

Осындай шара барысында полиция қызметкерлері Жетісай ауданы, Атақоныс ауылында орналасқан шекарадан түнгі уақытта   ҚР-ның аумағына заңсыз кірген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Тексеру кезінде шетел азаматының ҚР-на кіруге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Ол  шекараның сымдарын заңсыз кесіп өткен. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша тіркеді. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері  көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. 


BAQ.KZ