Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елімізде Apple өкілдігі ашыла ма?

23 желтоқсан 2022, 10:28

Көпшілік елімізде Apple өкілдігінің ашылуын күтіп жүр. Бұл туралы бірнеше рет айтылған еді. Қуантар­лығы, қазір Алматыда Apple өкілдігін ашу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мұндай жаңалықты Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты. Оның айтуынша, елшілер алпауыт компаниялардың бас кеңсесімен тікелей сөйлесіп жатыр. Әрбір жеке брендпен нені көздейтінімізге қатысты келіссөз жүргізілуде.

«Ал Apple-ге Қазақстанда өндіріс ұсы­ну қисынға келмейтін сияқты. Қазақстанда смартфон шығару үшін бәсекелестік басымдық жоқ. Сонымен қатар аталған өнімде қолданылатын өңделген сирек кездесетін металдар, арзан жұмыс күші де жоқ. Сондықтан нақты Apple-мен Алм­а­тыда сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Бізге Apple мұндай деңгейдегі мәселелердің шешілуіне шамамен 3-4 жыл уақыт кете­тінін алға тартып отыр», – деді ол.

Айбике ЖАНАСЫЛ

aikyn.kz