Елімізде астықтың 86% орылды

21 қыркүйек 2022, 09:07

Елдегі астықты алқаптардың 86 пайызы орылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
 
 
Ауыл шаруашылығы министрілігінің дерегі бойынша 13,9 млн гектар жерден дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жиналған. Астықтың орташа түсімі гектарына 12 жарым центнерден айналды.

Жалпы бүгінгі күнге дейін 17 млн тонна астық бастырылған. Мұның сыртында ел бойынша 363 мың майлы дақыл, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналған.