Елімізде қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

25 шілде 2022, 08:43

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2054 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, е лімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті.

«Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 806,

Алматы қаласында - 532,

Шымкент қаласында – 46,

Ақмола облысында – 68,

Ақтөбе облысында – 8,

Алматы облысында - 83,

Жетісу облысында - 84,

Атырау облысында - 61,

Шығыс Қазақстан облысында - 6,

Абай облысында - 26,

Жамбыл облысында - 76,

Батыс Қазақстан облысында - 20,

Қарағанды облысында - 130,

Қостанай облысында - 11,

Қызылорда облысында - 36,

Маңғыстау облысында - 14,

Павлодар облысында - 28,

Солтүстік Қазақстан облысында - 8,

Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды», - деп жазды комиссиядан.

Ал осы күні 1083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Олардың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 341,

Алматы қаласында - 490,

Алматы облысында - 50,

Жетісу облысында - 3,

Атырау облысында - 15,

Шығыс Қазақстан облысында - 26,

Абай облысында - 11,

Жамбыл облысында – 25,

Қарағанды облысында - 59,

Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты.

Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылды.