Елімізде коронавирус жұқтырған 10 адамның жағдайы ауыр

17 мамыр 2022, 10:17

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 10 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

 
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 169 адам коронавирус инфекциясынан (–90+ және 79 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 51 пациент стационарда, 118 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  10 адамның жағдайы ауыр,
  •  1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.