Енді қазақстандықтар кешіккен әуе рейстері үшін өтемақы алады

25 мамыр 2022, 16:43

Енді рейсті кешіктірген қазақстандық әуе компанияларына айыппұл салынады. Тиісті норма көлік сұрақтары бойынша заң жобасына енгізілетін өзгертулердің ішінде бар. 

Енді рейс кешіккен жағдайда, әуе компаниясы әр сағат үшін билет құнының  3%-ын төлеуге міндеттеледі. 

"Рейстері тұрақты түрде кешігетін әуе компаниялары бар. Енді бұл оларды тәртіпке келтіреді деп үміттенеміз. Азаматтар рейс кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3% қайтара алады. Алайда жалпы сома билет құнынан аспауы керек", – деді депутат Альберт Рау.


Сәбит Шонтақбаевтың бұған дейін тағы бір қызды құтқарғаны белгілі болды
Оралда 8-қабаттан құлап көз жұмған қыздың смартфонынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланған

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, 2020 жылдың соңына қарай шамамен 51 мың рейстің 6 735-сі кешіккен. Яғни әрбір сегізінші ұшақ уақытында ұшпаған. 2021 жылы 68,7 рейстің 12,8-і кешікті. Депутаттар көлік мәселесін қарастыратын заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады.  Құжат еліміздегі көлік жүйесін жақсарту мақсатында жасалды.