Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ереуілге шыққан Маңғыстау мұнайшылары далаға түнеді

16 желтоқсан 2022, 14:55

Маңғыстаудағы Phystech II АҚ жұмысшылары төрт күн бойы ереуілдетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Lada.kz дерегінше, жұмысшылар аязға қарамастан жапан далада наразылықтарын білдіріп тұр. Оларға вахтаның ауысымдағы жұмысшылары қосылған.

Мұнайшылар жалақыларын 100 пайызға арттыруды сұрайды. Бірінші күні олар президент Тоқаевқа бейнеүндеу жазды. Кейінірек Phystech II қызметкерлері аязды күні олардың киіз үйін тартып алған полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымданды.

«Аяз бен суыққа қарамастан, жігіттер далада тұра береді. Суық тиген бірнеше жігіт ауырып қалды, бұл үшін басшылық өтемақы төлеуіқ керек, өйткені сырқаттанған жұмысшыларды үйлеріне апару олардың өкілеттіліктеріне кіреді. Біз өз проблемамызды шұғыл түрде шешу үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауабын күтеміз», - деді ереуілшілер.

Ал Phystech II басшылары жұмысшыларды «ортақ мақсатқа - мұнай өндіруді ұлғайтуға» жұмылуға шақырды. Жалақыны өндіріс нәтижелеріне қарай біртіндеп көтеру ұсынылды.