Ғалымдар: мыңдаған жаңа вирус түрі пайда болады

30 сәуір 2022, 02:04

АҚШ-тағы Джорджтаун университетінің ғалымдары тосын бір болжам  жасады. Олардың айтуынша, 2070 жылға қарай климаттың өзгеруі әсерінен адамдар үшін қауіпті мыңдаған жаңа вирус түрі пайда болады екен.

Биолог ғалымдар алдағы 50 жылда Цельсий бойынша ауа температурасы екі градусқа жоғарылайды дейді. Соның әсерінен үш мың түрлі сүтқоректілер үшін вирустардың алмасуы мен миграциясы болуы мүмкін екенін айтады.

Мамандар тек сүтқоректілер арасында 4 мыңнан аса түраралық вирус таралады деп болжайды. Егер құстар мен теңіз жануарларын қосатын болса, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Жан-жануарлар арасында тарайтын вирус адамға әсер ете ме? Бұл сұраққа зерттеушілер вирус түрлері «COVID-19» сынды пандемияға алып келмейді. Дегенмен олардың адамдарға жұғу қаупі бар, сонымен қатар түрлі аурулардың артуына себеп болады деп санайды.

Қысқасы, климатолог пен инфекционистер жаһандық жылыну адам денсаулығына зиян келтіреді деген ортақ пікірге келді. «Grassroots Global Justice Alliance» деп аталатын климаттық әділетсіздікке қарсы күрес ұйымының жетекшісі Джарон Браун ғаламдық жылыну салдарынан әсіресе Африка мен Азия тұрғындары бәрінен артық зардап шегеді деп отыр.

«Замана»-ақпарат.