Коммерцияландыру жобаларын жеке қаржыландырудың үлесі 50% - ға дейін ұлғаяды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке инвесторлар үшін бірлесіп қаржыландыруды көздейтін ғылым мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы жоба әзірленді. Нәтижесінде 2029 жылға қарай коммерцияландыру жобаларын жеке қаржыландырудың үлесін 50% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда. ҒЗТКЖ қаржыландыру «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылады.
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заңның тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары басталды.