Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Иманғали Тасмағамбетов жаңадан тағайындалған қызметіне кірісті

01 қаңтар 2023, 18:25

Иманғали Тасмағамбетов қаңтардың 1-нен бастап бір айдан аса уақыт бұрын тағайындалған қызметіне кірісті, деп хабарлайды Экспресс К

Әр жылдары еліміздің премьер-министрі, Астана мен Алматы әкімі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі сияқты түрлі жоғары лауазымды қызметтерді атқарған Иманғали Тасмағамбетов бүгіннен бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметін атқарады. Бұған дейін бұл қызметте генерал-лейтенант Станислав Зась болған еді.


3 жыл сайын ауысып отыратын қызметке Иманғали Тасмағамбетов қараша айының соңында тағайындалған болатын.


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы 1992 жылы 15 мамырда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы болып құрылған. Қазіргі атауға 2002 жылы ауысты.


Ұйымның негізгі мақсаты — бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау.