Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да көбейеді

29 желтоқсан 2022, 13:01

2023 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да көбейеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Президенттің қолдауымен педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Сондықтан енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет», – деді министр.


«Қазақпараттың» жазуынша, биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, оларға біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және денешынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне 1,2 триллион теңге (2,5 млрд доллар) бөлінді.