Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жәнібек Әлімханұлы қарсыластары ең көп қашатын боксшылар тізіміне енді

16 желтоқсан 2022, 17:35

ESPN Ringside Twitter аккаунтында қарсылас табу қиынға соғатын боксшылар туралы жазба жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуетті қарсыластары ең көп қашатындардың арасында WBO орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар. Сондай-ақ бұл тізімге Шакур Стивенсон, Джарон Эннис, Верджил Ортис және Давид Бенавидес те кірген.


Ресурста: «Дәл қазір қарсыластары ең көп қашатын боксшы кім?» деген сұрақ қойылып, үміткерлердің тізімі көрсетілген.


Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бұрынғы әлем чемпиондары Хайме Мунгия мен Деметриус Андраде бас тартқан болатын.