Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: синоптиктер 5 маусымдағы ауа райын болжады

04 маусым 2022, 21:36

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, одан найзағай, бұршақ, дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м / с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі, шығыста және облыстың таулы аудандарында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың батысында 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м / с жетеді. Түнде Ақмола облысының шығысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, облыстың оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с жел күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз шығыста, облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік жартысында, күндіз Атырау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда ​​облысының орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

sputnik.kz