«Дала дауысы» ұлттық сыйлығының қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz baribar.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар жазушылар мен драматургтерге берілетін «Айбоз» сыйлығы бар. Қазіргі таңда оған іріктеу жүріп жатыр. Ал композиторларды қолдау мақсатымен «Дала дауысы» жобасы қолға алынды. Ол байқау желтоқсан айында мәресіне жетеді. Мұнда да опера жанрында, халық аспаптарында тың туындылар жазып жүргенсазгерлер марапатталады. «Республика әні» атты эстрадалық әнер жүлдесі тағайындалған. Осы сыйлықтар арқылы біз өнердің әрбір саласын қамтудыкөздедік. Ауқымы үлкен боландықтан «Umai», «Айбоз», «Дала дауысы» сияқты бірнеше тақырыпқа бөліп отырмыз, — деді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, келер жылы мәдениет саласындағы жастарды қолдауға арналған жаңа сыйлық тағайындалады.