Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жетісай тұрғыны көршісінің теледидарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

16 наурыз 2023, 16:59

Жетісай тұрғыны көршісінің теледидарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Астана қаласына кеткен уақытта үйіне ұры түскенін хабарлады. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның тұрғын үйінің терезесін сындырып,  ішке кіріп, құны 125 мың теңгелік Artel теледидарын жымқырып кеткен.

Полицейлер оқиғаны ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Орын алған ұрлық қылмысына қатысты тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктіні анықтап, қылмысты ашу бағытында шұғыл шаралар атқарылды.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер ұрлық болған аймақты түгел қарап, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Көрген-білгендерден жауап алынып, мүлік қабылдайтын ломбардтарды тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің көршісі, жас жігіт анықталып, полицияға жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті көршісінің үйінде ешкім жоқтығын біліп, арам ойын іске асырған. Содан теледидарды ұрлап, ломбардқа 45 мың теңгеге өткізіп жіберген. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ал күдікті шартты түрде жазасын өтеп жүргеніне қарамастан, оң нәтиже шығармай, қайта қылмыс жасағаны үшін қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.