Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға артты

25 қаңтар 2023, 11:13

2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30% - ға көтерілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының телеграм арнасына сілтеме жасап.

Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

Қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді.