Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жүрегі тоқтап қалған: дәрігер сәбиге өмір сыйлады

16 наурыз 2023, 16:23

Шымкенттік дәрігер Асфексияның салдарынан жүрек жұмысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайындағы сәбиді аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға Шымкент қаласындағы №2 ауруханасында болған. Жас ана жүгірген бойда жансақтау бөлімшесінің есігін жұлқылап ашып, нәрестесін аман алып қалуды өтінген.

Анасының айтуынша, нәрестесі еміп жатып сүтке тұншыққан. Ана сүті баланың өкпесіне түсіп, нәресте шашалып, демалысы тоқтаған. Соның салдарынан жүрек соғысы нашарлаған. Нәтижесінде нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген.

«Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер Асхат Қойшыбекұлы тез арада ауыз қуысын санациялаудан бастап, нәрестенің жүрегіне массаж жасап, өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосқан. 5-6 минуттың ішінде жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмыстарын қалпына келтіру арқылы, сәбиге қайта өмір силаған», – делінген хабарламада.