Қант бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге қатысты тергеу басталды

27 мамыр 2022, 09:09

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Анвар» ЖШС және «Төле-Би» деген жеке кәсіпкердің көтерме саудада қанттың бағасын негізсіз өсіргенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«2022 жылдың бірінші тоқсанында Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департамент қантты көтерме саудада өткізудің тауар нарығын талдау қорытындылары бойынша «Анвар» ЖШС мен «Төле Би» компаниясының іс-әрекеттерінде зерттелетін кезеңде қантты көтерме саудада өткізу бағасын орта есеппен 5,3% - ға негізсіз арттыру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін көрді», - деп көрсетті Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің баспасөз қызметі.
«Анвар» ЖШС Ақтөбеде тіркелгеніне байланысты талдау материалдары Ақтөбе облысы бойынша БҚДА  аумақтық бөлімшесіне берілді.

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Анвар» ЖШС-не оның әрекеттерінде бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің болуы және оларды жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарды, оны кәсіпорын белгіленген мерзімде орындамаған. «Анвар» ЖШС-не қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты монополияға қарсы тергеу басталды.