Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәсіпкерлерге қанша қаржы төленгені айтылды

19 сәуір 2022, 10:25

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге төленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында вице-министр қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жедел шаралар қабылданғанын айтты:

  • ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу;
  • жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салықтық және кедендік тексерулер және басқа да шаралар тоқтатылды.

"Қаңтар оқиғасы салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, 1630 ШОБ субъектісі зардап шекті, келтірілген шығын көлемі шамамен 38,6 миллиард теңге. Бүгінде 1 491 ШОБ субъектісіне жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгенің төлемі төленді", - деді Жақсылықов.