Қарағанды облысында руда астында қалған кенші қаза тапты

25 қаңтар 2023, 11:35

Қарағанды облысында ресейлік кәсіпорынның еншілес құрылымының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Бұл туралы Қарағанды облысының еңбек инспекциясы мәлім етті.

"Биылғы жылдың 25 қаңтарында кен өндіру жұмыстарын жүргізу барысында қабылдау бункерінде "Nova Цинк" ЖШС қызметкері жазатайым оқиғаға тап болды. Жәбірленуші бункерге құлап, руда үйіндісінің астында қалды, салдарынан ол тыныс алу жолдарының асфиксиясынан қайтыс болды. Осы факт бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрылды, жазатайым оқиғаның мән - жайы мен себептері арнайы тергеу қорытындылары бойынша айқындалатын болады", - делінген хабарламада.


Оқиға Ақжал кен орнында болды, онда  Челябі мырыш зауытының еншілес компаниясы "Nova Цинк" ЖШС қорғасын-мырыш кендерін өндіреді.