Қарағандыда көше бойынан 71 жастағы кейуананың өлі денесі табылды

01 қаңтар 2023, 11:40

Қарағандыда сауда үйінің маңынан қарт кісінің өлі денесі табылды. Кейуананың неден қайтыс болғанын жергілікті полиция тексеруде, деп хабарлайды Экспресс К

Зейнеткердің көшеде жатқан өлі денесінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан мәйітті полицияның қоршауға алып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын байқайсыз.


Көп ұзамай Қарағанды облыстық Полиция департаментіндегілер бұл дерекке қатысты түсініктеме берді. Қайғылы жағдай 12-ықшамаудандағы "Аян" сауда үйінің жанында болған. Бірақ өлім себебі белгісіз.


31 желтоқсан сағат 9:47-де адам өлімі жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды. Қазір аталған іс бойынша қажетті сараптамалар қолға алынды. Нақты нәтиже сараптамадан кейін белгілі болады, — делінген полиция ақпаратында.