Қарағандыда құс ұясы мен балапандары бар ағаш бұтасы кесілді

26 мамыр 2022, 09:27

Қарағандыда құс ұя салған ағаш кесілді. Ағаш бұтақтарының ұямен бірге кесіліп жатқаны түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодан ағаш діңгегінің жоғарғы бөлігін қалай кесіп жатқанын көруге болады. «Сіз мұны үлкен бір ағаштың жай ғана бұтағы дерсіз. Кесілген бұтақтардың арасында өлі құстар жатыр», - делінген хабарламада.

Видео оқырмандардың ашу-ызасын оятып, қызу талқылануда. Желі қолданушылары ағашты кескен адамның әрекетін тасжүректікке балап, құқық қорғау органдары өкілдерін шақырды.