Қарағандыда заңсыз пиротехника сатқандарға бір күнде 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды

27 желтоқсан 2022, 09:29

Қарағандыда заңсыз пиротехника сатқандарға бір күнде 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 214 пиротехникалық өнім тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 
Полицейлер құрған рейдтік топтар базарлар мен сауда орталықтарын аралап жүр. Қазір жарылғыш заттар ғаламтор желісі арқылы да сатылып жатыр. Ал оның арты қайғылы оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін. Әдетте пиротехникалардың да, оны сатушылардың да рұқсат қағазы болмайды. Бір күнде осындай 13 факт анықталды.

 «Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабына сәйкес яғни «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсызсауда жасау» бойынша хаттама толтырылды. Барлығы 842 мыңға айыппұл салынып, 214 пиротехникалық өнімдер тәркіленіп алынды», - деді Қарағанды облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы Жахат Есжанов.