Қарамағындағылардан ақша алған Кинология орталығының бастығы сотталды

23 мамыр 2022, 18:36

ҚР ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Кинология орталығының бастығы А.А. Болғымбаеваға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. А. Болғымбаева 2021-2022 жылдары өзінің қарамағындағылардан жалпы сомасы 1 675 000 теңге болатын, сыйлықақы төлемі ретінде берілген ақшалай алым жасады деп күдікке ілінген», - делінген хабарламада.

Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының 19 мамырдағы үкімімен А.А. Болғымбаева мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат