Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарлы бораннан қаза тапқандардың саны 30-дан асты

26 желтоқсан 2022, 11:11

АҚШ-та "Элиот" қарлы бұрқасыны салдарынан 30-дан аса адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Экспресс К.

Euronews арнасының хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезі салдарынан 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалып, мыңдаған ішкі және халықаралық рейстер және ішінара әуежайлар да жұмысын тоқтатты.

Көптеген штаттарда температура рекордтық деңгейге дейін төмендеді. АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, мұндай жағдай ел тарихында бірінші рет болып отыр. Бұған дейін АҚШ-та қарлы боран салдарынан 23 адамның қаза тапқаны айтылған еді.