Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды

16 мамыр 2022, 09:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
«Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді», - делінген хабарламада.

Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.