Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

25 шілде 2022, 08:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy “Борт №1” Telegram-каналына сілтеме жасап.

 
«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Президентін «Каср ас-Салам» король сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Келесі күні Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты. Президент экономикалық дамудың болашағына екі мемлекет көзқарастарының ұқсастығын атап өтті. Кездесу нәтижесінде тараптар 13 маңызды құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттағаны хабарланды.