"Қазақ Титаны" көзарбасу кезінде ирандық "Халкпен" төбелесіп қалды

26 шілде 2022, 16:27

"Қазақ титаны" лақап атты Алмат Жұманов "Иран Халкы" Саяд Гарибимен жекпе-жек алдында кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қарсыластар көзарбаспақ болды, бірақ, соңы төбелеспен аяқталды.

 

Бокс ережесі бойынша бұл жекпе-жек 31 шілде Dubai P7 Arena шаршы алаңында өтеді.

 

Промоушенмен Wicked N' Bad компниясы айналысады.

 

Айқас форматы - екі минуттан төрт раунд.