Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

27 желтоқсан 2022, 13:03

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді. Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.