Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан бидай мен ұн экспортына квота мерзімін ұзартады

16 маусым 2022, 09:27

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
«Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.
Айта кетерлігі, ведомство ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

«15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен  300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Астық одағының соңғы мәліметіне сәйкес, бидайға арналған квотаны игеру 50 пайызды, ұн бойынша 87 пайызды құрап отыр.