Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстан – Еуразияның жүрегі, жаңа идеялардың орталығы - ТҮРКСОЙ Бас хатшысы

21 желтоқсан 2022, 13:33

Астанада өткен бірінші Орталық Азия форумында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев сөз сөйледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

 Ол «Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Қазақстан – Еуразияның жүрегі, жаңа идеялардың орталығы. Біз елде жаңа саяси көзқарас бар екенін көреміз. Айта кету керек, Қазақстан Орталық Азияның алдыңғы қатарлы елдердің бірі», -деді С.Раев.


Ол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін атап өтті.


«Біз өз тарихымызды, тәуелсіздікке үлес қосқан тұлғаларды есте сақтауымыз керек. Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы трендтердің үлгісі болып отыр. Осы форумға қатыса отырып, біз демократиялық принциптерді талқылауымыз керек. Біз өз дәстүрлерімізді құрметтеуіміз керек. Әр сөз халықтардың бірігуіне қызмет етуі қажет», - деп атап өтті.