Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады

30 қыркүйек 2022, 17:51

1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

"Мемлекеттік кірістер комитеті, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

 

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратыны атап өтілді.

 

Тасымалдаушылар мен шекараны кесіп өткісі келетін кез келген адамға енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.