"Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді" деген жалған ақпарат тарады

07 мамыр 2022, 21:23

«Барыс-Арена» сарайында 8 мамыр күні Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді деген ақпарат – жалған. Бұл туралы «MTEX management» басқарушы компаниясы мәлімдеді.

Компания астана тұрғындары мен қонақтарына әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«MTEX management» бұл шараның ұйымдастырушысы емес. Ондай шара өткізуді жоспарлап отырған жоқ және жалған ақпараттың таралуына жауап бермейді», - деп мәлімдеді компания.

Сондай-ақ, mtexm.com сайты мен әлеуметтік желідегі @mtex_management парақшасында жарияланатын ресми ақпараттарға ғана сенуді сұрады