Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

23 желтоқсан 2022, 11:25

1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 951 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 568 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 017 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 436 және 810 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 556 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 679 жұмыс беруші бар. Оларда 384 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 780 адам (42%); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 476 адам (11%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 057 адам (8%); өңдеу өнеркәсібі – 953 адам (7%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 547 адам (4%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 518 адам, Үндістан – 1 645 адам, Түркия – 1 577 адам, Ұлыбритания – 1 091 адам, Өзбекстан – 693 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді және бөледі. Биылғы жылдың қаңтар айында Еңбекмині ШЖК тарту квотасын бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%) қысқартты. Осы жылдың желтоқсанында квота қосымша 997 бірлікке қысқартылып, жалпы саны 20 100-ді құрады.