Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда алдағы жеті жылда сұраныста болатын мамандықтар тізімі жарияланды

30 желтоқсан 2022, 09:49

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы алдағы жеті жылда Қазақстанға екі миллионға жуық жұмысшы қажет, бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында болады деген болжам жасады, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ең алдымен елге есепші, күзетші, сатушы, мұғалім қажет. Сондай-ақ, ең танымал лауазымдарға жүргізуші, медбике, шаштараз және еден жуушылар кіреді. 


 
Мамандар бұны осы сала жұмысшыларының еңбегін ешбір технологиямен алмастыра алмайтынымен байланыстырады.

"Қандай жағдайда да осы мамандықтар сұранысқа ие болады, өйткені оларды автоматтандыру өте қиын", - деді жұмысқа қабылдау жөніндегі маман Әйгерім Серікова.