Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге тіркелу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады

24 мамыр 2023, 16:38

Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге тіркелу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жоба 6 маусымға дейін талқыланады.


Яғни, кәмелетке толмағандар WhatsApp, ВКонтакте өзге де әлеуметтік желілер платформаларына ата-анасының рұқсатынсыз тіркеле алмауы мүмкін.


Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары қарастырылып жатыр.

sputnik.kz