Қазақстанда бір тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырған

20 маусым 2022, 10:30

19 маусымдағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат COVID-19 таратпау жөніндегі ведомства аралық комиссиясы ұсынды. Науқастар екі қалада анықталды: Алматы мен Нұр-Сұлтанда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 12 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда – 2,
Алматыда – 10.
Елде барлығы 1 305 962 жағдай расталды.

Қазақстанда 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда – 5,
Алматыда – 3,
Алматы облысында – 1,
Қызылорда облысында – 1.
Елімізде барлығы 1 292 162 адам COVID-19-дан жазылып шықты.
 

Айгерим Тарина