Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін құрылған арнайы операция күштері қалай жұмыс істейді?

29 желтоқсан 2022, 12:44

Қорғаныс министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Президент тапсырмасы бойынша құрылған арнайы операция күштері қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтарда Мемлекет басшысының арнайы операция күштері қолбасшылығын құру туралы Жарлығы болды. Әскерлер қолбасшысы тағайындалды. Күштерді құрайтын құрамалар мен бірліктер анықталады. Оларды қамтамасыз ету, әскери және басқа да техниканың қару-жарақтарының тиісті үлгілерімен жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Жеке құрам оқытылып жатыр", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалединов ОҚК брифингінде.


Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары Алпамыс Өтепов арнайы операция күштерінің оқу-жаттығулары бірнеше рет өткізілгенін нақтылады.

"Негізгі міндеттер: әскери қауіпсіздікке гибридті қатерлерге қарсы тұру, заңсыз қарулы топтармен күресу және лаңкестікке қарсы операцияларға көмектесу. Арнайы операция күштерін орналастыру дағдарысты оның басталу сатысында жоюдың нақты құралын қолданумен бірдей. Олар кез келген бағытта, ең алдымен әскери бөлімшелер жоқ жерде мобильді жұдырықтай әрекет етеді", - деп түсіндірді Өтепов.
 


Ол 7 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығы шыққанын, одан кейін арнайы операция күштері құрлықтағы әскерлер құрамынан әуе шабуылы әскерлері құрамына шығарылғанын айтты.

Еске салайық, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштері қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. Айта кетейік, дәл осы күні елімізде қорғаныс министрі ауысты.