Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда сән-салтанат салығы 2024 жылдан бастап күшіне енеді

23 желтоқсан 2022, 10:02

Бұл салық қымбат тұратын жылжымайтын мүлік, көлік және тағы басқа да нысанға салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.


КТК телеарнасының хабарлауынша, бірнеше пәтердің кілтін ұстап отырғандар да тізімге ілігуі әбден мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

"Мысалы, бір жеке тұлғада бірнеше пәтер, бірнеше жылжымайтын мүлік болуы мүмкін. Бір-екі мүлікті салықсыз немесе кәдімгі салғын төлейтіндей етіп қалдырамыз. Бірақ одан артық мүлікке қосымша артық салық төлейді", - деді  ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.


Ал сән-салтанат салығының өзі 2024 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Келер жылы кодекс қайта қаралып, жаңартылады. Мұны жасауға Үкімет мүшелері ғана емес, сарапшылар, экономистер де қатысып жатыр.