Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды

27 мамыр 2022, 10:28

Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметтерге сәйкес, «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЖСН беру» қызметі қазір қолжетімді емес.

Сайтта бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қалпына келтірілетіні айтылған.

Порталда шетелдіктерге ЖСН берудің не себепті тоқтатылғаны көрсетілмеген.