Қазақстанның бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

21 қыркүйек 2022, 09:43

Қазақстанның бірқатар өңірінде сәрсенбі күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.


«ҚР басым бөлігі бұрынғысынша ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел тұрады, шығысында шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.


Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +26+28.


Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +27+29.


Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +32+34.


Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +13+18 (солтүстігінде +10).


Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.


Жамбыл облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +12+17.


Ақтөбе облысында оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +5+10 (солтүстігінде +2, оңтүстігі мен батысында +13).


Алматы облысында солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Абай облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, түнде солтүстігінде -2 үсік жүреді. Күндіз +25+30 (батысында +20), түнде +2+7 (оңтүстігінде +12).


Павлодар облысында орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +8+13 (оңтүстігінде +5).


Қостанай облысында оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +8+13 (шығысында +5).


Қарағанды облысында түнде солтүстігінде -2 үсік жүреді. Күндіз +25+30 (солтүстігінде +22).


Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-шығысында топырақ бетінде -2 үсік жүреді. Күндіз +22+27 (солтүстік-шығысында +18), түнде +2+7 (оңтүстігінде +12).


Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +7+12 (оңтүстік-шығысында +3).


Жетісу облысында тауларында күн күркірейді. Күндіз +26+31, түнде +11+16.


Батыс Қазақстан облысында батысында және солтүстігінде күн күркірейді. Күндіз +27+32 (батысында +22), түнде +12+17 (оңтүстігінде +20).


Атырау облысында түнде батысында күн күркірейді. Күндіз +28+33, түнде +13+18 (солтүстігінде +10).


Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +17+22 (солтүстік-шығысында +12).


Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +8+13 (оңтүстігінде +5).


Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +25+30, түнде +7+12.


"Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады", - деп ескертті синоптиктер.

kaztag.kz