Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанның жоғары оқу орындарына Ресей мен Украинадан қанша студент ауысып келді

23 қыркүйек 2022, 18:03

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық жоғары оқу орындарында Ресей мен Украинадан келген қанша студенттің білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

 

«Мамыр айынан бері Қазақстанның жоғары оқу орындарына Ресейден 2500, Украинадан 34 студент ауысып келді», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Саясат Нұрбек.

 

Қазақстандық жоғары оқу орындары шетелдік студенттерді қабылдауға дайын ба деген сауалға ол білім беру мекемелерінің қазір өз мүмкіндігі шегінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 

«Біз басқа елдердің азаматтары үшін университеттерімізге түсуді шектей алмаймыз. Барлығы заң аясында қарастырылады. Дегенмен физикалық инфрақұрылым күрделі мәселе болып отыр. Біздің университеттеріміз бүгінде өз мүмкіндігіні шегінде жұмыс істеп жатыр», - деді С. Нұрбек.

 

Оның  айтуынша, студенттер ағыны көп болған жағдайда ведомство алқалы түрде шешім қабылдайды.

 

«Әзірге үлкен болжамдар жоқ. Бірақ егер университет кез келген шетел азаматын қабылдай алатын болса, ол университеттің шешімі болады. Біз қатаң түрде университеттердің өз мүмкіндігіне сүйенетін боламыз», - деді министр.