Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында ЛГБТ туын көтергендер жұрттың ашуына тиді

17 мамыр 2023, 16:05

Әлеуметтік желіде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында тұрып, халықаралық лесбофобия, гомофобия, трансфобиямен күрес күнін тойлауға шақырғандар жұрттың ашуын туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өздерін Feminita деп атаған үкіметтік емес ұйымның Желідегі парақшасында видео пайда болған. Кадрлардан Түркістандағы киелі жерде ЛГБТ туын көтерілгені көрінеді.

"Idaholbit құтты болсын. Алматыда бізбен бірге тойлауға келіңіздер. Idaholbit деген - барлық фобияға қарсы күн. Бәрін халықаралық гомофобия, трансфобия, лесбофобия, басқа фобия түрлеріне қарсы күнмен құттықтаймыз. Биыл Алматыда бірге тойлаймыз. Түркістанда да. Қасиетті жерге келіп, өз құқығымызды қорғауға үлес қостық", - дейді видеодағылар.

Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазған. Бір бөлігі Түркістанға байланысты даулы пікір айтса, енді бір тобы әркім өз пікірін айтуға құқылы екенін жеткізген.

"Әркім өз пікірін айтуға құқылы", "Құтты болсын бірге болсын", "Мен ештеңе демеймін, бірақ неге дәл қасиетті жерде?", "Түркістанға бекер бардыңдар-ау", "Құтты болсын, кемпірқосақ астындағы асыл жандар", "Ұят, қасиетті жерге де жеттіңіздер ме?" - дейді Желідегілер.