Кореяда жоғалған отандасымыз әлі іздестіріліп жатыр

25 қаңтар 2023, 12:07

Кореяға жұмыс істеуге кеткен Альбина Кабдулдина әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Сыртқы Істер министрлігі 1 жарым жыл бұрын жоғалған отандасымызға қатысты осылай деп мәлімдеме жасады. Еске сала кетсек, 35 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы соңғы рет 2021 жылдың маусым айында анасымен байланысқа шыққан. Содан бері хат-хабар үзілді.

 


- Туған-туыстары өтініш білдірген болатын, іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кәріс тарапына бұл біздің алаңдаушылық жеткізілді, консулдың ерекше бақылауында. Өкінішке орай, әлі күнге дейін таба алмай жатырмыз. Бар үміт Корея тарапының полициясында, - ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

 

Шарасыз күйде жүрген Альбинаның анасы үмітім сөнуге таяу қалды дейді. Себебі Корея елшілігі де арадағы байланысты тоқтатқан.

 

- Мен соңғы екі айдан бері Оңтүстік Кореяның елшілігі мен консулына «менің қызыма қатысты деректер бар ма, жоқ па?» деп хабарласып, жазып жүретінмін. Ал олар маған жауап бермейді, тіпті елемейтін болды. Осыған дейін бір жыл бойы «іздеп жатырмыз» деп айтуды да қойды. Мен жаңа жылға дейін де, кейін де жаздым, бірақ бірде-бір реакция жоқ, - деді А.Кабдулдинаның анасы Айгүл Болсаева.

М. Қалиасқар