Коронавирус жұқтырған 13 мыңнан астам науқас үйінде емделіп жатыр

06 наурыз 2022, 16:33

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 6 наурыздағы соңғы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі күні 14 613 адам коронавирус инфекциясынан (13 501 КВИ+ және 1 112 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 1 541 пациент - стационарда, 13 072 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 113 адамның жағдайы ауыр
  • - 49 пациенттің жағдайы өте ауыр
  • - 35 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.