ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм арнасында елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 27 желтоқсандағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2563 адам коронавирус инфекциясынан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 9 адамның жағдайы ауыр,
• 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.