Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қошанов қаңтар оқиғасына қатысты тергеуді бақылауда ұстауға уәде берді

30 желтоқсан 2022, 12:42

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар қаңтар оқиғасын тергеуді бақылауда ұстайтынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәжілісте қаңтар оқиғасын тергеудің алдын ала қорытындысын естідік. Әрине, бұл мәселені талқылауды жалғастырамыз. Бұл мәселені депутаттар өз бақылауында ұстайды. Алдағы жылдың басында біз бұл мәселені қайта қараймыз", - деп уәде берді Қошанов Мәжіліс отырысында.


Ол биылғы жылы депутаттар республика өңірлеріне белсенді түрде барғанын айтты.

"Биыл біз Мәжіліс жанындағы қоғамдық қабылдау мен қоғамдық палата жұмысын бастадық. Осының барлығы Мәжілістің ашықтығын көрсетеді", - деді ол.